Тоқаев Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті: олар не айтты?

Жаңалықтар
view 30
news

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Мемлекеттер басшылары қазақ-беларусь қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Сондай-ақ саяси диалог жоғары деңгейде және сауда-экономикалық, гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтті.

Тараптар халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Минскіде өтіп жатқан Еуразиялық қауіпсіздік жөніндегі конференцияның маңызына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары алдағы бірлескен іс-шаралар аясындағы тығыз ықпалдастықты жалғастыруға уағдаласты.

Еске салсақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *