Тоқаев Таиланд Короліне жеделхат жолдады
Жаңалықтар
29
Фотосурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорнды туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатында Корольдіктің орнықты дамуының, ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарының айшықты белгісі ретінде бұл мерекенің Таиланд халқы үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Президент достық пен өзара қолдауға негізделген екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Мемлекет басшысы Корольдің жауапты қызметіне табыс, ал достас Таиланд халқына құт-береке тіледі.
Пікірлер (0)