Toyota Alphard пен Estima көліктерін тізгіндеген таксистерге тықыр таянды

Жаңалықтар
view 121
news

Фото: kolesa.kz

Toyota Alphard пен Estima көліктерімен қалаларалық жолаушылар тасымалына тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, оң жақ рөлді Toyota Alphard және Estima көліктері жаман атаққа ие болды.

2025 жылдың 10 айында жол-көлік оқиғаларының саны 27 пайызға артты. Такси қызметтерінде оң жақ рөлді көліктерді қолдануға тыйым салынғанына қарамастан, заңсыз жүргізушілер жұмысын жалғастырып отыр. Ал агрегаторлар бақылауды қамтамасыз етпейді. Оң жақ рөлді Toyota Alphard және Estima көліктері жаман атаққа ие болды. Өздеріңіз білетіндей, биыл шілдеде екі күн ішінде Жамбыл және Алматы облыстарында Альфард көліктерінің қатысуымен екі ірі жол апаты болды. Соның салдарынан 10 адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды. Оң жақ рөлді көліктерді жолаушылар кез келген коммерциялық та, қалааралық та тасымалдауға қолдануға толық және сөзсіз тыйым салу қажет, — деді ол Мәжілістің жалпы отырысында. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *