Toyota жарылыстан кейін екі зауытындағы өндірісті тоқтатты

Жаңалықтар
view 323
news

Фото:depositphotos.com

Toyota Motor Corporation өндірістік қиындықтарға тап болды. Компания Айти префектурасындағы екі зауытында үш өндірістік желінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр, деп хабарлайды janabastau.kz Nagoya TV News арнасына сілтеме жасап.

Мұндай шешім 6 наурызда автокомпоненттер жеткізушісі Chuo Spring зауытында болған жарылыстан кейін қабылданды. Апат Фудзиока ауданында орын алып, бір қызметкердің өліміне әкелді. Осы жағдай қосалқы бөлшектерді жеткізуде іркілістер туындатты.

Өндірісі тоқтаған желілердің қатарында Тойота қаласындағы Такаока зауыты мен Обу қаласындағы Нагакуса зауыты бар. Бұл кәсіпорындар Harrier және RAV4 модельдерін шығарумен айналысады.

Toyota өндірістік желілердің тоқтауынан туындайтын әсерді әзірге бағалау мүмкін емес екенін мәлімдеді, себебі өндірістің орнын толтыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

"Сондай-ақ, Киото қаласындағы Daihatsu зауытындағы бір желінің жұмысы тоқтатылады, ал өндірістің қайта жандануы туралы шешім 11 наурыз күні түскі уақытқа қарай қабылданады", – делінген хабарламада.

 

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *