Трамп Путинмен Сауд Арабиясында кездесетінін мәлімдеді
Жаңалықтар
192
Фото ашық дереккөзден
Ресей президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін АҚШ президенті Дональд Владимир Путинмен Сауд Арабиясында кездесетінін айтты, деп хабарлайды janabastau.kz.
Сауд Арабиясы АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин Ресейдің Украинаға қарсы соғысын аяқтау мүмкіндіктерін талқылау үшін жеке кездесу өткізетін ел болады.
Біз Сауд Арабиясында кездесеміз, - деген Америка басшысының сөзін келтіреді AFP.
Дональд Трамп өзінің сайлау науқаны кезінде Украинадағы соғысты аяқтауға ниетті екенін бірнеше рет атап өткен.
Пікірлер (0)