Туған екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға сот үкімі шықты

Жаңалықтар
view 317
news

Сурет: ғаламтордан

Түркістанда екі баласын тұншықтырып өлтірген әйел 15 жылға бас бостандығынан айырылды,- деп хабарлайды Janabastau.kz.

Сотталушыға қатысты сот 21 мамырда басталған еді. Бір айға созылған сот ашық өтті. Айыпталушы – 31 жастағы Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны. Ал жәбірленуші оның күйеуі, марқұм балалардың әкесі болды. Өз балаларын тұншықтырып өлтірді деп күдікке ілінген әйелдің адвокаты соттың алқабилер қатысуымен өтуіне, әрі келіншекке психиатриялық сараптама жасалуына өтініш берген. Сараптама қорытындысы бойынша үш және төрт жастағы балаларын өлтіргенде әйелдің ақыл-есі дұрыс болғаны анықталды. Кәмелет жасына толмаған баланы өлтіру бабы бойынша қозғалған істе айыпталушыға прокурор 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Алқабилердің шешімі бойынша сотталушы 15 жылға сотталды.

Айта кетейік, 7 ақпанда Түркістанда жалдамалы пәтерден екі бала өлі табылғанын, анасы мекенжайды құрбысына айтып, қашып кеткенін жазған едік. Кейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жалдамалы пәтерде өлі табылған екі баланың оқиғасына қатысты тың деректер жариялаған болатын. Екі баласын өлтірді деп күдікке ілінген әйел ертесі Шымкентте ұсталды. Кінәсін толық мойындаған ол бұл қылмысқа күйеуіне ренжігеннен барғанын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *