Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысы өлі табылды
Жаңалықтар
821
Сурет: Ашық дереккөзден
Түлкібас ауданының білім бөлімінің экс басшысы өлі табылды, деп хабарлайды janabastau.kz elitar.kz-ге сілтеме жасап.
Түркістан облысы, Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысы болып жұмыс жасаған Ержан Қадірбекті өзге біреулер өлтіріп кеткен көрінеді.
Инсайдерлік ақпарат бойынша денесінде азаптау белгілері бар екен.
Қазіргі таңда, сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіде. Оқиғаның ақ-қарасы анықталатын болады.
Айта кетейік, Ержан Қадірбек жаз айына дейін білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Тіпті, жаңа оқу жылынан Түркістан облыстық білім басқармасына жұмысқа кіріскелі жатқан көрінеді.
Пікірлер (0)