Тұрғындарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған бағдарламалар жалғасын табады

Қосшы жаңалықтары
view 299
news

Президентіміз биылғы Жолдауында 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 450 миллиард долларға дейін екі есе ұлғайту мақсаты қойылғанын атап өтті. Әрине, ол үшін кәсіпкерлікті дамытудың маңызы зор екені сөзсіз.

Еліміздің экономикалық жүйесін шұғыл түрде түбегейлі қайта қарап, өзгерту арқылы елімізді өркендетеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз дей отырып мемлекет басшысы бірқатар басымдықтарды атап өтті. Ол үшін экономикамызды дамыған елдердің ұстанған бағытына орай бағдарлап, нақты салаларды белгілеу қажет. Экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу туралы Жолдауда айтылған бастама өте қуанышты жаңалық деуге болады.

Әлемдегі геосаяси оқиғаларға байланысты экономикалық жағдай да құбылып тұрған осынау шақта біз де өз елімізді дамытудың заманауи, жіті зерттелген нұсқаларына сай дамытуды қолға алуымыз қажет. Кәсіпкерлікті дамытудың маңызы еліміздегі еңбек ресурсын тиімді пайдалануға да септігін тигізеді. Бүгінгі Жолдаудың тағы бір ұнаған тұсы Президенттің: «Біз еліміздің байлығын, табысын азаматтарымыздың арасында әділ бөлуіміз қажет. Бір сөзбен айтқанда, экономикалық өсімнің игілігін әрбір азаматымыз көруі керек" - дегені. Яғни, тұрғындарымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған бағдарламалар жалғасын табады. Бұл - тұрғындарымыздың болашағына сенім ұялатары сөзсіз!

Динара Райханова, Қосшы қаласы мәслихатының депутаты

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *