Түркияда жойқын жер сілкінісі болды
Сурет: Ашық дереккөзден
Кеше түркияның Балыкесир қаласында 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болып, ғимараттар қирады, деп жазады Janabastau.kz Azattyq Ruhy- на сілтеме жасап.
Түркия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, олардың бірі, 81 жастағы қария ауруханада көз жұмды. Жер сілкінісінен барлығы 29 адам зардап шекті.

«Барлығы 16 нысан қирады, оның 12-сі қараусыз қалған ғимарат», - деп хабарлады телеарна.
Балыкесир әкімшілігі жер сілкінісіне байланысты жазғы мектептерде сабақтың бір күнге, яғни 11 тамызда тоқтатылғанын хабарлады. Мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін жүкті әйелдер мен мүгедек қызметкерлер әкімшілік демалысқа жіберіледі, деп жазды Milliyet басылымы.
Жер сілкінісі Ыстанбұлды қоса алғанда Түркияның 11 провинциясында сезілді. Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы жер сілкінісінен кейін 100-ден астам дүмпу болғанын хабарлады. Жерасты дүмпулері жалғасып жатыр.
Пікірлер (0)