Түркістан облысында 71 жастағы ер адам 15 жастағы көрші қызды зорлаған

Жаңалықтар
view 104
news

Фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында тағы да адам шошырлық оқиға тіркелді. Келес ауданында 71 жастағы ер адам 15 жастағы қызға азғындық жасаған. Өкінішке қарай, 15 жастағы қыз биыл ақпанда осы күдіктіден бала босанған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Тергеу мәліметінше, жәбірленуші күдіктінің өз туысы. Қаршадай қызға қорлық көрсеткені туралы ата-анасы жеті айлық жүктілік кезінде ғана білген. Ауыл тұрғындары бұл оқиғадан кейін күдіктінің отбасын ауылдан көшіруді талап етіп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Актриса Әлия Әнуарбек тұрмысқа шығатынын айтты

Шымкентте оқушы үй қызметшісін өлтіріп, мәйітін зорлаған (ВИДЕО)

Түркістан облысында оқушысын өз көлігінде зорлаған мұғалім 12 жылға сотталды

Желіде тараған видеоларда ауыл әйелдерінің ашуға булығып, айғайласқан сәті көрініс тапқан.

Ата-анасының айтуынша, бойжеткен өз басынан өткен ауыр жағдайды ешкімге айта алмаған. Ол биыл ақпан айында босанған. Азғын көрші үйде тұратын, немере бағып отырған жетпіс бір жастағы ағайыны болып шықты.

Редакция желіде тараған ақпаратты растау үшін облыстық Полиция департаментіне сұрау жолдады. Департаментте күдіктінің қамалғанын айтты.

Келес ауданы тұрғынының кәмелетке толмаған қызына қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу нәтижесімен тиісті процессуалдық шешім қабылданады, - деді Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов.

Қылмыстық істің тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *