Түркістан облысында оқушысын өз көлігінде зорлаған мұғалім 12 жылға сотталды

Жаңалықтар
view 77
news

Фотосурет: qamshy.kz

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазығұрт ауданындағы мектеп мұғаліміне қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Сот анықтамасына сәйкес, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі биыл 20 қаңтарда өзінің автокөлігінде 2010 жылы туған оқушыға қатысты күш қолданбай, азғындық әрекеттер жасаған.

 

Айыпталушы сол уақытта балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндет жүктелген педагог болған.

 

Мемлекеттік айыптаушы соттан педагогты кінәлі деп танып, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды және 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Ал сотталушы өз кінәсін мойындамай, істі жеңіл бапқа қайта саралауды сұрады.

 

6 қазанда сот үкімімен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі кінәлі деп танылып, оған 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

 

Үкім әзір заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *