Түркістан облысында қоқыс контейнерінен нәрестенің денесі табылды

Жаңалықтар
view 21
news

Фото: Pixabay

Түркістан облысы Кентау қаласында жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. 

Полицейлер үй-үйді аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеп, жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мүмкін куәгерлерден жауап алып жатыр, сондай-ақ медициналық мекемелерді тексеріп жатыр.

Тергеу аясында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды, – делінген хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *