30 градус аяз, бұрқасын, қар: 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК 10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
БҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе
Батыс аймақтарда көбіне жауын-шашынсыз, түнде тұман байқалады. Кей өңірлерде (Маңғыстау, Атырау) жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ күтіледі. Жел шығыс, оңтүстік-шығыс бағыттан 9-14 м/с, кей жерде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 4-18° аяз, кей аймақта 0° шамасы, күндіз 0…5° аяз, Маңғыстауда 1-3° жылы.
Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, СҚО, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстары
Бұл өңірлерде қатты аяз сақталады. Түнде 20-30° аяз, күндіз 12-20° аяз болады. Кей аймақтарда (Павлодар, Қарағанды, Ұлытау) қар, боран, көктайғақ, тұман күтіледі, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Астана мен Көкшетауда жауын-шашынсыз, бірақ 24-30° аяз болады.
ШҚО, Абай облысы
Шығыста қар, боран, көктайғақ күтіледі. Кей жерде (Өскемен, Семей) қар күшейіп, бұрқасын соғады. Жел 9-14 м/с, екпіні 20-23 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 18-27° аяз, кейін одан әрі төмендейді. Тұман түнде және таңертең болуы мүмкін.
Алматы қаласы, Жетісу, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары
Оңтүстікте кей жерлерде қар жауып, таулы аймақтарда боран және көктайғақ байқалады. Жел 8-15 м/с, таулы аймақтарда 20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 3-12° аяз, тауда 15° аязға дейін; күндіз 0…8° жылы, таулы өңірлерде 5-11° аяз. Алматы мен Қонаевта қар жауады. Шымкент пен Түркістанда түнде -5…-8°, күндіз 0…3° жылы.
Пікірлер (0)