Аида Балаева Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты істерді назарда ұстап отырғанын айтты

Жаңалықтар
view 137
news

Фото: Gov.kz

Бүгінде Қазақстанның медиа кеңістігінде бірнеше сот процесі өтуіне байланысты талқы жүріп жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл процестерді, соның ішінде Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты істерді ерекше назарда ұстап отыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева facebook парақшасында жазды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенованың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Orda.kz бас редакторы Гүлнар Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды

ҚазТАГ басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Біз үшін елімізде сөз бостандығының сақталуы мен барлық ақпарат таратып отырғандардың заң аясында жұмыс істеуі аса маңызды. Кәсіби журналистика адалдыққа, объективтілікке және тексерілген ақпараттың нақтылығына негізделуі керек.

Мұндай жағдайлар әрдайым медиа қауымдастықты алаңдатады. Себебі бұл сөз бостандығы мен заңды журналистік қызмет секілді аса маңызды мәселелерге тікелей қатысты, - деді министр.

Аида Балаеваның айтуынша, министрлік әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін талап етіп келеді.

Кәсіби бұқаралық ақпарат құралдары заңды бұзбай жұмыс істеген жағдайда ғана мемлекет олардың құқығын тиімді қорғай алатынын түсінуі тиіс. Ал егер тараптар арасындағы қатынастар құқықтық алаңға ауысса, мемлекеттік органның араласуы сотқа қысым ретінде қабылдануы мүмкін.

Қалай болғанда да, біз кәсіби журналистерге қатысты әкімшілік немесе қылмыстық істердің барынша ашық әрі объективті қаралуы қажет екенін әрдайым талап етіп келеміз.

Журналистерімізге қатысты істерді тиісті органдар заң талаптарын сақтай отырып, жан-жақты әрі әділ қарайтынына сенімдімін.

Министрлік өз құзыреті шегінде журналистердің құқықығын қамтамасыз етуге және сот істерінің әділ қаралуы үшін қажетті барлық шараларды қабылдауға дайын, - деді Мәдениет және ақпарат министрі.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *