«Ауыл» партиясы «қаз қуып кетті»: Облыс әкімдігі қолдаған іс-шара мазаққа айналды
Фото: "Солтүстік Қазақстан" газеті
«Ауыл» партиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай саяси ұйымның облыстық филиалы өңір орталығында «Жаңажылдық қаз» фестивалін ұйымдастырыпты. Облыстық әкімдіктің қолдауымен өткен іс-шараға халық көп жиналған көрінеді, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің жазуынша, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Төренова жиналған қауымға бұл көктемде өткен «Auyl Fest. Қаз шаруашылығы» атты халықаралық фестивальдің жалғасы екенін атап өткен. Сол фестивальде өңірдің үздік аспаздары қаз етінен әзірленетін тағамдардың қыр-сырымен бөлісіп, ерекше мәзірлерін ұсынған екен.

Десе де әлеуметтік желі қолданушылары бұл ақпаратқа күле қарағанға ұқсайды. Мәселен, Айым Қазақбайқызы есімді facebook қолданушы «Ауыл» партиясы мен әкімдік «қаз қуып кеткен бе» деп жазған.

Пікірлер (0)