Түрмеде босанды: СҚО-да тіл мәселесін көтергені үшін сотталып кеткен әйел қызды болды

Жаңалықтар
view 846
news

Фото: istockphoto.com

Орыстарды балағаттағаны үшін сотталып кеткен мұғалім түрмеде босанып алды.

Солтүстік Қазақстанда «Ұлтараздықты қоздырды» деп айыпталып 2 жылға сотталған 35 жастағы жүкті әйел босанып алды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі KKYN.KZ порталына сілтеп .

Бұл туралы "НеМолчи" қорының басшысы Динара желідегі парақшада жариялады. Айтуынша, әйел қыз бала босанған.

«Әйелді жүктілігінің 36 аптасында түрмеге жіберген. Судья адамгершілік қағидаларын ұмыт қалдырып, лайықты жаза сол деп шешіпті. Бірақ Жансұлу өз елінде тіл мәселесін көтерген еді. Экспертиза зорлық-зомбылыққа насихат болатын ешқандай айғақ таппады. Бұл жағдайды айыппұлмен де шешуге болатын еді"- деп жазды ол.

Сматлова Жоғары сот судьясы Назгүл Рахметуллинаға үндеу жасады. Ол жаңа босанған әйелдің түрмеге аттанбайтынына үміттенетінін айтты.

Айта кетсек, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сот 35 жастағы Жансұлу Дархамбаеваны сот ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырған еді. Ол сот барысында Жансұлу кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін айтқан.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *