Үшінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті — сарапшылар пікірі

Жаңалықтар
view 579
news

Фотосурет ашық дереккөзден

Израильдің Иранға жасаған соққылары ғаламдық деңгейдегі қақтығыстың басы болуы мүмкін. Түркиялық саясаттанушы Сердар Токдемирдің пікірінше, бұл – әлемдік ауқымдағы жаңа шиеленістің бастауы. Бұл туралы JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.

Израильдің Иран аумағына жасаған авиациялық соққылары ислам әлемінде ғана емес, халықаралық сарапшылар арасында да үлкен резонанс тудырды. Түркиялық сарапшы Сердар Токдемир әлеуметтік желі X-те (бұрынғы Twitter) бұл жағдайды «кезекті шиеленіс» емес, Үшінші дүниежүзілік соғыстың нақты бастауы деп бағалады.

Оның айтуынша, Израильдің бұл әрекеті – бір ғана елге қарсы шабуыл емес, аймаққа, оның мәдениетіне және болашағына жасалған соққы.

«Бұл – Иранға ғана бағытталған агрессия емес. Бұл – бүкіл өңірге жасалған жүйелі, ұйымдасқан және көпжақты әскери операция», – дейді ол.

Сарапшы прокси соғыстар мен тікелей әскери қақтығыстар арасындағы шекара жойылғанын атап өтті. Ендігі жерде бұл – тек геосаяси емес, өркениеттік сипаттағы шайқас.

Сердар Токдемир Анкараны бейтарап бақылаушы емес, белсенді ойыншы ретінде әрекет етуге шақырды. Оның пікірінше, Түркия жай ғана транзиттік аумақ емес, аймақтың тағдырын шешуге қауқарлы маңызды держава.

Ал осы аралықта Иранның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Амир Саид Иравани Израильді «мемлекеттік терроризмге» барды деп айыптады. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында ол Израиль шабуылдарының салдарынан 78 адам қаза тауып, 320-дан астамы жараланғанын мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *