«Түрмедегі әйелдер қолындағы тағулы кісенімен босанады»: Абзал Құспан сұмдық жайттың бетін ашты

Жаңалықтар
view 205
news

Фото: Shutterstock

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан түрмелерде әйелдердің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төніп тұрғанын айтып, нақты шаралар қабылдауды талап етті, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Тікелей қауіп төндіреді

Депутат тергеу изоляторларындағы әйелдер қауіпсіз жерде емес екенін атап өтті.

Бұрынғы құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер, соның ішінде судьялар ер адамдарға арналған арнайы мекемелерде жазасын өтейді. Ал әйелдер үшін бұл механизм қарастырылмаған. Соның салдарынан полицияда, сотта, прокуратурада, мемлекеттік органдарда және ҚАЖ-да қызмет атқарған әйелдер өздері бұрын қадағалаған, жауапқа тартқан немесе тексерген адамдармен бірге қамалады. Бұл олардың қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді, – деді депутат.

Сонымен қатар Абзал Құспан әйелдердің кісен тағылған күйде босанатынын айтып, оны азаптау деп бағалады.

Ұсталғандар мен сотталғандар кісенмен операциядан өткізіледі. Әйелдер кісен тағулы күйінде босанады. Ешқандай заң адамды наркоз кезінде, операциядан кейін, босану кезінде кісенмен ұстауға рұқсат бермейді. Бұл құқықты шектеу, Конституцияны тікелей бұзу. Халықаралық құқық тұрғысынан – бұл қатыгез, адамгершілікке жатпайтын әрекет, шын мәнінде азаптау, – деді ол.

Депутат бірнеше талап қойды

Мәжіліс депутаты еліміздегі тергеу изоляторларындағы өлім статистикасын жариялады. 

2022 жыл – 133 өлім, оның 96-сы аурудан; 2023 жыл – 119 өлім, оның 95-і аурудан; 2024 жыл – 148 өлім, оның 114-і аурудан; 2025 жыл 11 айда – 124 өлім, оның 105-і аурудан. Бұл “табиғи себептер” емес. Бұл медициналық бақылаудың, прокурорлық қадағалау мен сот жауапкершілігінің сәтсіздігі, – деді Абзал Құспан.

Осы деген депутат бірқатар талап қойып отыр. 

ТИЗО және ҚАЖ мекемелерінде болған өлімдерге заңды баға беру, қамаудағы адамдарға медициналық көмек көрсетудің нақты жағдайын тексеру, хирургиялық операциялар, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде кісен қолдануды заңмен тыюды ұсынды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *