"Түрмеге жапсаңдар жаба беріңдер!": Бағдагүл емші қос құрбыға жауап берді
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Танымал Ақтөбелік Бағдагүл атты емші қаралағаны үшін өзін сотқа берген Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанға жауап қайтарды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ.
Ол көпшіліктен өзін қолдауды сұрады.
"Құрметті Қазақ елі! Баян мен Динара мені сотқа берді. Бірақ олар қазақ әйелдерін бұзып жүр. Олардың заң бұзушылықтары, дінге, салт-дәстүрге қарсы әрекеттері өте көп. Қазақ тілінде сөйлегілері келмейді. Қазақ тілінің абыройы үшін күресуіміз керек. Сондықтан барша қазақ елінен мені қолдауды сұраймын. Қазақша сөйле дегенге маған орысша қарсы шығып, қорқытып жазып жатыр. Ұяттары жоқ қой! Ана тіліне деген ешқандай мейірім жоқ! Менімен арпалысып отырсыңдар! Ұяттан безген, ана тіліне құрметі жоқ адаммын! Мен соған қарсы шыққаным үшін түрмеге жапсаңдар жаба беріңдер! Баян Шаяндар маған көп тиіспеңдер! Алдағы жоспарларыңның күл паршасын шығарамын! Аруақпен көп ойнама, от басарсың! Шындық айтып жек көрінішті боламын да жүремін. Аруақ айтқызбай қоймайды. Шибөрілерге таланғанша асылып өле салатын шығармын. Құрысыншы бәрі!", - деді ол.
Пікірлер (0)