Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі атқа мініп, көпшіліктің назарын аударды
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман атқа мініп, жұртшылықтың назарын өзіне аударды, деп жазады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Айманның атпен шауып жүрген сәті бейнеленген. Ол жазбасында қазақ халқы үшін жылқыны танып-білудің, атқа мінудің маңызын айтып, мұны үлкен өнер мен ерлікке теңеген.
Жылқы туралы көп айтасың дейтіндерге… Жылқы тани білудің несі жаман? Мүше мен жілікті ажырата алу – керемет емес пе? Үйіңе келген қонаққа не ұсыну керегін білгенің де жақсы ғой. Ал ат үстінде шабу – нағыз өнер мен ерлік, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Айманның бұл қырын жоғары бағалап, жылы пікірлерін қалдырған.
Көпшілік оның мінезіне, сөз саптауына және өнеріне ерекше тоқталып, Айманның түрлі қырынан танылып келе жатқанын атап өтті.
Пікірлер (0)