“Үй жинаушы керек” деген хабарландырумен жұмысқа кеткен 26 жастағы келіншекті 16 жерден пышақтап өлтірді
Сурет: әлеуметтік желіде
Шымкентте 21 шілде күні үйінен жұмысқа кетіп, қайта оралмаған 26 жастағы Диана Оңғарбаева өлі күйінде табылды. Бұл туралы janabastau.kz хабарлайды.
Марқұм “үй жинаушы қажет” деген хабарландыру бойынша белгісіз біреудің үйіне барған. Адвокат Ләззат Рақышева таратқан мәліметке сәйкес, Диананы 17 жастағы жасөспірім 16 жерінен пышақтап, денесін қоқыс жәшігіне тастаған.

“Өкінішке қарай, біз іздеген Шымкент қаласының тұрғыны өлі табылды. 17 жасар жігіт 16 жерінен пышақтап өлтіріп, мусорға тығып кеткен. Қайғылы оқиға болғанына 10 күн болыпты. Телеграм-арнаға “жұмыс бар” деп хабарландыру салған, қыз сол арқылы барған. Өте ауыр жағдай. Артында екі кішкентай қызы мен жолдасы қалды”, – деп жазды адвокат өзінің парақшасында.
Қазір оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары жасөспірім күдіктіні қамауға алды.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызып, интернет арқылы ұсынылатын жұмыс түрлерінің қауіпсіздігіне байланысты қоғамда алаңдаушылық тудырды.
Пікірлер (0)