«Мен Перизат емеспін»: Баласының еміне жиналған 1,3 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталған анасы өз шындығын айтты
Сурет: видеодан кадр
Қазақстанда баланың еміне жиналған 1,3 миллиард теңгенің жеке мақсатта жұмсалуы қоғамда үлкен резонанс туғызды. Қаржы мониторингі агенттігі бұл қаражатты Толқын Тотақанова мен оның жұбайы құмар ойындар мен жарнамаға, жеке қажеттіліктерге жұмсағанын мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Алайда көпшіліктің сынына қалған блогер Instagram желісіндегі парақшасында өз ұстанымын ашық айтып, өзін Перизат Қайратпен салыстыруға қарсы шықты.
– Мен ешқашан байлықта өмір сүрген жоқпын. Пәтер де, қымбат көлік те алған емеспін, – деп мәлімдеді ол.
Блогердің айтуынша, бұл іске қатысты тергеу бір жылдан астам уақыттан бері жүріп жатыр, ал сот процесіне қоғамдық қысым күшейіп барады. Ол өзін жәбірленуші ретінде тануды әділетке жетудің жалғыз жолы деп санайды.
Пікірлер (0)