Үйқамақта отырған Гүлнар Бажкенова үндеу жолдады

Жаңалықтар
view 33
news

Фото: Гүлнар Бажкенова/facebook

Кеше Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнар Бажкенова үйқамақта отырғанын жазған едік. Журналист адвокаты арқылы әріптестеріне және өзіне қолдау білдірген жандарға сәлем жолдады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Адвокат Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында Гүлнар Бажкенованың сөзін жариялады:

Достар, мен байыпты қалпымнан танбадым, мойыған жоқпын. Өзімді қорғаймын. Қазір үйқамақтамын. Басқа жол қалмады. Бұл қиын кезең де аяқталады. Заң мен әділдікке сенемін. Қолдауларыңыз үшін рахмет. Дәл қазір бұл мен үшін өте маңызды. Қасымда болғандарыңызға рахмет. Сондай-ақ әріптес-журналистеріме алғыс айтамын, — деп жазылған хабарламада. 

Адвокат Мұрат Адам полицияға көптеген өтінішхат жібергенін, сондай-ақ, заңсыз тінту мен редакция мен Гүлнар Бажкенованың мүлкін алып кету фактілері бойынша Бас прокуратура мен Алматы прокуратурасына шағым түсіргенін айтты. Сонымен қатар адвокаттың заңды жұмысына кедергі келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғауды талап еткен.

Оның айтуынша, Гүлнар Бажкенова ұсталған сәтте адвокаты келмейінше ешқандай түсініктеме беруден бас тартқан, сонымен қатар өзіне адвокатсыз қол қоюға ұсынылған құжаттарға қол қоюдан үзілді-кесілді бас тартқан.

Ол маған хабарласып, жүргізіліп жатқан процестерге қатыстыруды талап етті. Бірақ, өкінішке қарай, оның сөзіне құлақ аспады. Мені оның қасына өткізбеді. Кеше мұның бәрін сіздер өздеріңіз де БАҚ пен әлеуметтік желілерден көрдіңіздер. Міне, біздің «Жаңа Қазақстанымыз» осындай, — деді адвокат. 

Еске сала кетейік, бұған дейін журналист Гүлнар Бажкенованың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *