Украина дрондарының шабуылы: Қазақстанда жанармай тапшылығы болуы мүмкін

Жаңалықтар
view 75
news

Фотосурет: ашық дереккөз

Күзде жанармай бекеттерінде бензин жетіспеушілігі қайта туындауы ықтимал. Себебі оны көрші елдерге, әсіресе Ресейге заңсыз әкету күшейген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, Ресей мұнай өңдеу зауыттарындағы ұзаққа созылған жөндеу жұмыстары мен украин дрондарының шабуылдары жанармай тапшылығын ушықтырды. Бұл әсіресе Ресейдің Қазақстанмен шекаралас аймақтарында қатты сезіліп отыр. Соның салдарынан Қазақстаннан заңсыз бензин әкету көлемі артуы мүмкін.

Бағаның айырмасы негізгі себеп болып отыр: рубльдің күшеюінен жанармай бағасы 2 есеге жуық айырмашылық жасаған. Қырғызстанмен шекарада бақылау бар, ал Ресеймен шекараны қадағалау мүмкін емес.

Сарапшы Олжас Байділдиновтің айтуынша, бензинді заңсыз әкету – табысты кәсіп. Шекара маңында жолаушы, жүк тасымалдау, көлікті газға бейімдеу, бакты үлкейту сияқты амалдармен күніне 100 доллардан аса пайда табуға болады.

Сарапшылардың ойынша, мәселенің шешімі – ішкі нарықтағы бағаны біртіндеп көрші елдермен теңестіру. Әйтпесе тапшылық қайталана береді.

Жағдайды қиындата түсетіні – 1 қазанда Атырау МӨЗ бір айға жоспарлы жөндеуге тоқтайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *