Украиналық саясаткер Ирина Фарион қастандықтан кейін ауруханада көз жұмды

Жаңалықтар
view 270
news

Фото: news.telegraf.com.ua

 

Басынан жарақат алған саясаткер ауруханада көз жұмды.

Украинаның Львов қаласында Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Ирина Фарионның өміріне қастандық жасалды. Басынан жарақат алған саясаткер ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ға сілтеме жасап.

Жоғарғы Раданың бұрынғы депутаты Ирина Фарионға Львовта, 19 шілде күні кешке Масарика көшесіндегі үйінің жанында шабуыл жасалды. Белгісіз қылмыскер оның басына оқ жаудырған. Ауыр жағдайда, бастағы оқ жарақатымен Фарион ауруханаға жатқызылды. Операциядан кейін ол терең ми комасында болып, көп ұзамай қайтыс болды.

"Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, Ирина Фарионды құтқару мүмкін болмады", - деді Львов облыстық әскери әкімшілігінің басшысы Максим Козицкий.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *