Жол апатына түскені үшін әкімдіктен ақша өндіріп алды
Сурет: Ашық дереккөзден
Ер адам тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жол сапасына қатысты міндетін дұрыс орындамаған деп есептеген. Көлік иесі 788 мың теңге ақша өндіруді талап еткен, деп хабарлайды janabastau.kz Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.
"Сот іс материалдарын зерделей келе, материалдық залалдың келтірілу фактісі әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс материалдарымен расталғанын анықтады. Бірақ сарапшының қорытындысы бойынша, көлікті жөндеу жұмыстарының құны 603 мың теңге болған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Осыған байланысты сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі ер адамның пайдасына 603 мың теңге материалдық шығынды және 6 037 теңге мемлекеттік баж салығын төлеуге міндеттелді.
*Сурет: Көрнекілік үшін
Пікірлер (0)