Ұлтшылдықты ұлттық өзімшілдікпен шатастыруға болмайды – Мемлекет басшысы
Редакция таңдауы
99
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясының отырысында ұйымның құрамы үнемі жаңартылып отыраатынын мәлім етті, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі.
«Әлемдегі барлық қақтығыстар мен соғыстар ұлттық тәкаппарлықтан, басқа этнос өкілін жақын және дос ретінде көргісі келмеуден туындайды. Ешқандай жағдайда нағыз патриотизмді Ұлттық өзімшілдікпен шатастыруға болмайды. Сондықтан біз әрі қарай да Ассамблеяны дамытып, жұмыс әдістерін жетілдіреміз, оның құрамын үнемі жаңартып отырамыз», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пайымынша, қазақ даласында барша қазақстандықтардың еркін өмір сүруіне жер жетеді.
«Біз – бір жердің перзенттеріміз, бір халықтың ұлдары мен қыздарымыз! Ұлы даланың шексіз кеңістігінде бәрімізге орын жетеді. Қазақстанның болашағы, балаларымыздың тағдыры, ата-бабаларымыздың мұрасы біздің қолымызда. Біз уақыттың кез келген сынағын қасқайып қабылдаймыз.
Әрбір отандасымнан мен шынайы патриотизмнің, жоғары азаматтық жауапкершіліктің, іске адал көзқарастың үлгісін көремін», - деді Президент.
Сондай-ақ, Президент сепаратизм қаупі туралы ой қозғады.
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)