«Ұлы дала жорығы»: халықаралық марафон-бәйге Қостанай облысынан бастау алды

Жаңалықтар
view 180
news

Фотосурет: дереккөз

Қостанай облысында дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды. Биылғы дода Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ASSEMBLY.KZ-ке сілтеме жасап.

Жорықтың мақсаты – еліміздің рухани мұрасын сақтау, қазақстандық патриотизмді нығайту және ұлттық спорт түрлерін насихаттау.

Марафон бағыты Торғай ауылынан басталып, Арқалық қаласында мәреге жетеді. Сайысқа қатысушылар күніне 100 шақырымнан жүріп өтіп, 5 күн ішінде жалпы 500 шақырымды еңсермек.

Бұл айтулы шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы делегациясын ҚР ҚХА төрағасының орынбасары Р.С. Ахметов бастап барды. Ассамблея халықаралық марафон-бәйгеге «Бірлік» деп аталатын команданы қосты. Оның құрамына түрлі этнос өкілдері енген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *