«Лазурный квартал», «Дипломат», «Мисон» пәтерлері «жезөкшелер тұрағына» айналған
Жаңалықтар
71
Фотосурет: ашық дереккөзден
Астанада қыздарды жыныстық қанаумен байланысты заңсыз бизнесті ұйымдастырған қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, топ жедел ақпарат пен елорда тұрғындарының шағымдары негізінде қолға түскен. Олардың қызметі «Лазурный квартал», «Дипломат» және «Мисон» тұрғын үй кешендерінде жүргізілген.
Барлығы 14 адам ұсталып, олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласының орталығында да полиция 3 тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерден 71 секс-притонды әшкерелеген болатын. Жезөкшелікке жалға берілген пәтер иелері де жауапкершілікке тартылды.
Пікірлер (0)