Ұшақ апаты: борттағы адамдар аман қалған жоқ
            
            Жаңалықтар
            
                 824
                824
            
        
        Сурет: Ашық дереккөзден
Аргентинада әуе шоуы кезінде ұшақ құлап, екі ұшқыш қаза тапты, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Аргентинадағы Кордоба провинциясында әуе шоуы қайғылы оқиғамен аяқталды. Бель-Виль қаласының аэродромында болған шара барысында ұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш мерт болды.
Полицияның мәліметінше, қаза тапқандар – Санта-Фе провинциясының тұрғындары.
Алдын ала деректерге сәйкес, әуеде теңселіп кеткен әуе кемесі ұшу-қону жолағына соғылып, соққыдан кейін өртенген. Апаттың нақты себебі әлі анықталмаған.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)