Алматыда екі құрылыс компаниясының жұмысы уақытша тоқтатылды

Жаңалықтар
view 106
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Алматы қаласы Бостандық ауданында екі құрылыс компаниясының тұрғын үй жобалары уақытша тоқтатылды,оның орнына мектеп салынады деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Әкімдіктің мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстары Розыбакиев – Катаев – Радостовец көшелерінің қиылысында жүргізіліп келген. Бұл жерде CAMH Realty және «ВЕК-Тұмар» ЖШС компаниялары тұрғын үй кешендерін салуды бастаған болатын.

Алайда Деталды жоспарлау жоспарына сәйкес аталған аумақта жаңа мектептің құрылысы қарастырылған. Осыған байланысты тұрғын үй жобаларының бір бөлігі кейінге шегерілді.

Әкімдік өкілдері тұрғындар мен құрылысшылармен кездесіп, келісімге келген. «Жобаға қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін және білім беру нысаны үшін жер телімінің нақты шекарасы анықталғанда ғана құрылыс жалғасады. Барлық шешімдер қала тұрғындарының мүддесі мен қолданыстағы заңнамаға сәйкес қабылданады», – делінген хабарламада.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *