Тұрсынбек Қабатов мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 265
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

Әзіл әлемінде өзіндік қолтаңбасымен танылған Қабатов биыл өнер сахнасындағы 25 жылдық мерейтойын атап өтпек. Ол осыған орай Қазақстанның бірнеше қаласында гастрольдік концерттер өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«Өнер сахнасында 25 жыл! Гастрольдік сапар барысында тағы да сіздермен қауышуға асықпын, қадірлі көрермендерім», – деп жазды ол парақшасында.

Сонымен қатар, әртіс алдағы концерттерге билеттерді онлайн және арнайы кассалардан сатып алуға болатынын атап өтті.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *