Боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жаңалықтар
view 64
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Қазақ боксшысы Назым Қызайбай Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing ұйымының әлем чемпионатының финалында шаршы алаңға шықты деп хабарлайды, janabastau.kz ақпарат агенттігі. 

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол үндістандық спортшы Минакши Минакшимен кездесіп, тартысты жекпе-жек өткізді.

Алғашқы раундта Минакши 4:1 есебімен басым түсті. Екінші кезеңде Назым Қызайбай 3:2 есебімен ұпай жинап, қарымта қайтарды. Алайда шешуші сәтте төрешілердің шешімі бойынша жеңіс үнді боксшысына берілді.

Осылайша Назым Қызайбай күміс медаль еншілеп, 4 дүркін әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұған дейін ол 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем чемпионатының финалында топ жарған болатын.

Айта кетейік, осы күні тағы жеті қазақстандық боксшы финалда бақ сынайды.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *