«Ұшақта жанжал шығарған»: Қазақстандық әйелдерге 54 млн айыппұл салынуы мүмкін
Сурет: Ашық дереккөзден
Қазақстандық әйелдер Түркия бағытындағы ұшақта төбелес шығарды. Жанжалдың өршігені сонша экипаж командирі ұшақты қондыруға мәжбүр болған. деп хабарлады janabastau.kz.
Қатты айқаймен басталған келіспеушіліктің соңы төбелеске дейін барған. Сондықтан, Pegasus Airlines әуе компаниясының Астана-Анталья бағытындағы рейсі шұғыл түрде Түркияның Эрзурум қаласындағы әуежайға қонған.
Төбелеске қатысы бар 4 адам ұшақтан түсіріліп, медициналық тексеруден өткенін түркиялық БАҚ жазды. Кейіннен қос тарап қалалық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, бір-біріне шағым түсірген.
Айта кетейік, қазақстандық әйелдерге 54 миллион теңге айыппұл салынуы мүмкін.
Clash Report мәліметі бойынша, оқиғаға байланысты жоспарланбаған қону мен қайта жанармай құю үшін әйел кісілерге 120 мың доллар (54 миллион теңге) айыппұл салынады.
Пікірлер (0)