«Ұшақты Ресей зымыраны атқан»: Әзірбайжан билігі Ресейдің мойындағанын күтіп отыр

Жаңалықтар
view 82
news

Фото: Orda.kz

Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағынан Ресей зымырандары атқан, деп хабарлайды  janabastau.kz.

Тергеу барысын білетін төрт дереккөз Reuters агенттігіне Әзірбайжан авиакомпаниясының ұшағын ресейлік зымыран атып түсіргенін растады. Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымыраны Бакуден ұшқан ұшақтың үстінде жарылып кеткен. Ал Ресейдегі жауапты мамандар бұл туралы уақытында хабарлай алмаған. Әрі 25 желтоқсан күні Мәскеу украиналық дрондардың соққыларына қарсы әуе қорғанысы жүйесін бірнеше рет қолданғаны белгілі болды.

Енді Әзірбайжан билігі Ресейдің ресми мәлімдеме жасағанын күтіп отыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *