Ұстаздар додасы: волейбол алаңындағы бірлік пен жігер

Жаңалықтар
view 28
news

Фотосурет: автордікі

Қосшы қаласының Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебі 2025-2026 оқу жылын еңбекқорлық пен кәсіби біліктілікке арналған мазмұнды шаралармен бастады. Ай бойы ұстаздардың белсенділігі мен біліктілігін арттыру бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның бірі – Ұстаздар күніне орай өткізілген волейбол жарысы.

Бұл жарыс мектепішілік деңгейде өтіп, ұстаздардан құралған бірнеше команда спорттық бәсекеде бақ сынады. Жарыс барысында мұғалімдер өздерінің командалық рухын, ұйымшылдығын және спортқа деген қызығушылығын көрсете білді.

Іс-шараның басты мақсаты – ұстаздарға құрмет көрсету, дене белсенділігін арттыру және ұжымішілік ынтымақтастықты нығайту.

Жарысты ұйымдастыруға мектептің кәсіподақ ұйымы мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері белсенді атсалысты. Жеңімпаз командалар алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды.

Мектеп директоры Гүлжанат Байжанованың ұстаздар құрамымен бірге алаңға шығып, жарысқа белсене қатысуы шараның мәнін одан әрі арттырды. Бұл ұжымға үлкен жігер мен серпін беріп, шынайы бірліктің көрінісіне айналды.

 Гүлбану БАЖИЕВА,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *