Ақкөлде 23 жыл бұрын қызды аяусыз өлтірген жігіт қартайғанда ұсталды

Жаңалықтар
view 69
news

Фотосурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысының полиция департаменті 2002 жылы Ақкөлде болған адам өлтіру қылмысын ашты. Күдікті ретінде 60 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2002 жылғы 4 қазанда Ақкөл қаласында болған. 1973 жылы туған әйел көшеде ер адаммен танысып, сол түні үйіне оралмаған. Келесі күні оның денесі көптеген жарақат белгілерімен стадион маңындағы қоғамдық әжетханадан табылды.

Ол кезде полиция қызметкерлері оқиға орнынан биологиялық іздер жинағанмен, қылмыскердің жеке басын анықтау мүмкін болмаған. Іс 20 жылдан аса уақыт бойы ашылмай келді.

2025 жылы сарапшылар бұрынғы айғақтарға молекулалық-генетикалық зерттеу жүргізді. ДНҚ талдауы нәтижесінде сәйкестік табылып, күдіктінің тұлғасы анықталды.

2 қазанда криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің, облыстық криминалдық полиция департаментінің қолдауымен 60 жастағы ер адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *