«Билетті қымбатқа сатқан» Еспановтың ұлы 45 млн теңге несиесін төлей алмай жүр

Жаңалықтар
view 64
news

Фотосурет: instagram.com/espanov_olzhas

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов ірі көлемдегі қарызға батқанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі жазбасында ол өміріндегі қиын кезең туралы ашық айтып, соңғы 2 жыл бойы несие мәселесімен әуре болып жүргенін жеткізді.

Менде бәрі керемет емес, әркімнің өз проблемасы бар. Мұңайып, түңілуден де өтіп кеттім. Адамды білмей жатып, сөгуге болмайды. Бұл да мен үшін бір сынақ шығар. Алаяқтыққа тап болып, 45 миллион теңгеге қарызға кіріп кеттім. Екі жыл осы кредитпен арпалысып келемін. Барар жер, басар тау қалмады. Мемлекеттік органдардың әрекет еткісі жоқ, ал банк өкілдері жоқ көліктің несиесін төлеуді талап етіп отыр. Қысқасы, бәрі сериалға айналғандай. Кредит менің мойнымда, 45 миллион тақалып тұр, – деп жазды Олжас Еспанов.

Оның айтуынша, қазіргі басты мақсаты – осы қаржылық қиындықтан шығу және қарыздан құтылу. Сондай-ақ ол қоғамдағы түсіністік пен қолдаудың маңызын атап өтіп, басынан өткен жағдайдың өзгелерге сабақ болғанын қалайтынын жеткізді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *