«Толық айтамын бәрін»: Бадықова бұрынғы күйеуіне қарсы үн қатты
Фотосурет: instagram.com/dariga_badykova
Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың сұхбаты әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлады JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Мadeniportal.kz-ке сілтеме жасап.
Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында бұрынғы күйеуінің сұбат барысында өтірік айтып отырғанын айтып күйінді.

Менің өз шындығым бар. Өтірік бақытты адамның кейпін танытқанмын. Елдің адамымын ғой деп көп нәрсені ашып айтпадым. Бекер жасаған екенмін. Өтірік менің күйеуім болғандай кейіп танытпасын. Өтірік әңгімелері мені шаршатқан. Еркек басымен «жертво» болып отыр. Мен ажырасып кеткелі біраз уақыт болды. Артысып-тартысып, бір үйде жай тұрып жаттық. Толық айтамын бәрін. Киноға жасаған қастандығы. Мені қызғансаң да өнерімді тартып ала алмайсың. Бақытты болып өмір сүрмедік. Уылжып ажырасқандай болып отыр. Ажырасудың себебі көп болды. Өтірік өмір сүргенім-ай... - дейді Дариға Бадықова.
Сондай-ақ ол ажырасып кеткеннен кейін де күйеуіне ақша беріп келгенін айтты.

Кеткен әйел қашан да жаман. Өзім әйел еркек болудан шаршадым. Қырық өтірігін бөсіп отыр. Әлі істейтін ісі жоқ екен. Тамақ, киім қайдан келіп жатқанын білмейтін. Кетіп қалсам да ақша сұрап, мазамды алып болған. Кейінгі кезде ақша бермей қойғанмын. Ажырасып кетсем де сау адамға ақша беріп тұрдым. Құрбыларым тоқтатты, берме деп. Ақша бермей қойған соң шығарып отыр осы әңгімені, - дейді Дариға Бадықова.
Пікірлер (0)