Велосипедпен бір күн

Жаңалықтар
view 111
news

Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Жақында, 3 маусым күні - Бүкіләлем 1918 жылдан бері атап өтіп келе жатқан Халықаралық велосипед күні, бұл автокөліктен велокөлікке ауысудың тамаша себебі, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

 Аталмыш шара велосипедтің денсаулыққа, экологияға және тұрақты дамуға пайдасын еске түсіруге бағытталған.

Автокөліктер санының күн сайын артып жатқан уақытында, велосипед тек қана ыңғайлы құрал емес, сонымен қатар көлікке қажетті балама. Айта кетейік, елімізде 2025 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша 6 млн-нан астам көлік тіркелген. Оның 85% - дан астамы жеңіл көлік түрі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11% - ға көп.

Жоғарыдағы сандарды ескере отырып, велосипедтерді популяризациялау және тиісті инфрақұрылымды дамыту басым міндеттердің бірі екені белгілі.

Барлық қазақстандықтарды, әсіресе мегаполистер тұрғындарын осы күні көлікті үйде қалдырып, жолға велосипедпен шығуға шақырамыз, осылайша көміртегі ізін азайтуға үлес қосыңыз!

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *