«Сахнада күлімсіреген Мөлдір неге жылады?» – Желіде продюсердің көзіне жас алған сәті қызу талқылануда
Сурет: видеодан кадр

"Всем на зло. Әлі жарқырайсың. Жылама": Мөлдір Мұқанова сахна сыртында көз жасын тыя алмадыкөз жасын
Танымал продюсер Мөлдір Мұқанованың сахна сыртында көз жасын тыя алмай тұрған видеосы әлеуметтік желіде қызу пікірталас туғызды. Бұл сәтті ол өзі Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды janabastau.kz .
Бейнежазбада жылап тұрған Мөлдір Мұқановаға қасындағылардың бірі оған жұбату сөзін айтып, демеу көрсетеді:

«Всем назло. Әлі жарқырайсың. Киноң да атады. Бәрі де атады. Өмірде бәрі күшті болады. Жаным, жыламашы. Мені де жылатасың қазір. Азын-ауақ сынақ. Ауыр болып тұр, білемін. Бірақ Алла тағала бәрін реттейді. Жылама», – дейді ол.
Мөлдір Мұқанова бұл көз жасының жай ғана эмоция емес, терең сыр екенін айтты:

«Сахнада – күлімдеген бейне.
Камера сыртында – көз жасына тұнған шындық.
Бұл – жылдар бойы жиналған сырдың тамшысы ғана!» – деп жазды ол.
Желі қолданушылары продюсердің жан сырын терең түсініп, қолдау білдірді. Көпшілік пікірінде:
«Тұрсынбек бағаламады, бірақ сіз әлі-ақ нағыз бақытыңызды табасыз!»,
«Мөлдір, сіздің көзіңіздегі шынайылық бәрінен биік!»,
«Мықты әйелдер де кейде жылайды – бірақ олар міндетті түрде қайта тұрады» деген сөздер жазылып жатыр.
Оқырманды ойландырған, жүрекке жеткен осы бейне – шоу-бизнес әлемінің сырт көзге көрінбейтін шындығын паш еткендей.
Пікірлер (0)