"Хабар" арнасындағы дауға қалған бағдарламаның кейіпкері Астанадан пәтерге ие болды
Сурет: Ашық дереккөзден
Хабар арнасындағы дауға айналған "Бірақ" ток-шоуының кейіпкері Гүлмира Смаилова Астанадан үш бөлмелі пәтерге ие болды. Бұл туралы журналист Рахым Ошақбаев өзінің Іnstagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz.
Журналист жариялаған видеодан алты баланың анасы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Гүлмира Смайыловаға Астанадан үш бөлмелі пәтер беріліп, оның көзіне жас алғанын көруге болады.
Әйел қол ұшын созған қазақстандықтарға алғыс айтты.
Баспанаға қаржы жинау үшін ашылған қайырымдылық шарасы 2-3 аптаға созылып, 500-ден астам адам қатысқан. Бұл – "Қорғау Астана" дағдарыс орталығының 19 жыл жұмысындағы алғашқы жағдай.
Еске салсақ, 2024 жылдың наурыз айында Гүлмира Смайылова "Хабар" телеарнасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы "Бірақ" ток-шоуына қатысқан еді. Бағдарлама ұжымы Гүлмираның рұқсатынсыз тікелей эфирге кейіпкердің бұрынғы күйеуін алып келіп, татуласуға шақырған. Әйелді ұзақ жылдар бойы зорлық-зомбылық көрген бұрынғы күйеуімен татуластырмақ болған журналистердің әрекеті халықтың ашуын тудырды. Кейіннен Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғам наразылығынан соң "Бірақ" ток-шоуының жабылатын мәлімдеді.
Пікірлер (0)