Халық әртісін көпшілік танымай қалды – видео желіде тарады
Коллаж: sn.kz
Қазақстанның халық әртісі, эстрада жұлдызы Роза Рымбаеваға қатысты әлеуметтік желіде тараған бейнежазба ел ішінде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды janabastau.kz ақпарат агенттігі.
Видеода әнші үй жағдайында, бояусыз күйде балыққа жарнама жасап отырғаны байқалады. Алайда көпшілік жарнаманың өзінен гөрі Рымбаеваның бет-бейнесіне назар аударған.
Кейбір желі қолданушылары: “Алдыңғыдай әдемі емес”, “Ботокстан кейін танымай қалдық”, “Жасанды әсер беріп тұр” деген сынды сын пікірлерін білдірді. Тіпті “өмір бойы сүйікті әншіміз болып келген соң мұндай бейнесіне үйрену қиын” дегендер де бар.
Сонымен бірге әншіні жақтағандар да табылды. Олар: “Әркім өз қалауынша өмір сүреді”, “Өнер иесінің сахна үшін жас көрінуге ұмтылуы заңды құбылыс” деп пікір қалдырды.
Пікірлер (0)