«Ылғи байлардың жиынында жүреді»: Нұрлан имам Динара Сәтжанның күйеуіне шапан жапты
Фотосурет: дереккөз
Танымал дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлы журналист Динара Сәтжанның күйеуіне сыйлық жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Todayinfo.kz-ке сілтеме жасап.
Айта кетсек, Динара Сәтжанның күйеуі – кәсіпкер, меценат Жұмабек Жанқұлов.

Жұмабектің имамы. Жұрт имамдарға шапан жапса, менің имамым маған шапан жапты, – деп жазды кәсіпкер.
Сондай-ақ Динара Сәтжан өздерінің бірінші қоныс тойында ата-аналарының ақ батасын алғандарын, онда Нұрлан имам барып, құран оқығанын жазды. Алайда желі қолданушыларына имамның бұл әрекеті ұнамай қалған.

Қашаннан бері жеке имам болып кеткенсіз?», «Нұрлан имам да біледі, шапанды кімге жабу керектігін», «Неменеге жауып жатыр?», «Ылғи байлардың жиынында жүреді осы имам», «Жеке имамы несі? – деп жазды көпшілік.
Пікірлер (0)