Мағауиннің қабіріне туған жердің топырағы мен жусаны жеткізілді

Жаңалықтар
view 94
news

Фотосурет: дереккөз

Вашингтонда жерленген қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Мағауиннің қабіріне арнайы зиярат жасалып, туған жерінен топырақ жеткізіліп, Құран оқылды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Жазушының ұлы Едіге Мағауин Абай облысы Шұбартау ауданындағы Босаға өңірінен әкелінген топырақ пен жусанды әкесі жатқан қабірге салды. Бұл – жазушыны ата қонысымен символдық түрде байланыстыруды көздейтін қазақы дәстүр.

Зиярат рәсіміне Вашингтондағы Kazakh American Association мүшелері қатысып, Мағауиннің рухына тағзым етті.

Еске сала кетсек, Мұхтар Мағауин – тарихи романдары мен зерттеулері арқылы ұлттық сананың жаңғыруына үлес қосқан қаламгер. Ол бүкіл ғұмырын қазақ тарихын түгендеуге арнап, артына 27 том еңбек қалдырды.

Пікірлер (1)

  • Salvatore

    We are eager to order from you and to explore possibilities of long-term cooperation in reselling. Kindly message us through WhatsApp +1 249 521 4650 so we can move forward.

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *