Бас прокуратура Назарбаевтан қандай активті қайтарып алмақ?
Фотосурет: SHYNDYK.KZ
Бүгін Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында тағы да Назарбаев фамилиясы аталды. Бұл жолы Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару комитеті сотқа талап арыз түсірген, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі «За нами уже выехали» жаңалық арнасына сілтеме жасап.
Бұл жолы жауапкер ретінде Н.Б. Назарбаев есімді азамат көрсетілген. Осы орайда «Бұл Назарбаев кім болуы мүмкін?» деген сұрақ туындайды. Болжам бойынша, ол – марқұм Болат Назарбаевтың 41 жастағы ұлы Нұрбол Назарбаев. Алайда сот ісінің нақты не туралы екені әзірге белгісіз. Бұл ақпаратты комитет те, сот та құпия ұстап отыр.

Бұл талап арызда жариялауға болмайтын және тек қызмет бабында қолдануға арналған материалдар бар. Сондықтан процесс ашық өтпейді, - делінген сот өкілдерінің жауабында.
Яғни мемлекеттің кіші Назарбаевтан нені талап етіп отырғанын білу әзірге мүмкін емес.
Анықтама үшін: Нұрбол Назарбаев 2011-2017 жылдар аралығында Алматы облысының полиция департаментінде қызмет атқарған. Тіпті, департамент бастығының орынбасары лауазымына дейін көтерілген. 2017 жылы полициядағы қызметін аяқтап, бизнеске бет бұрған. Ол Prime Capital Holding атты инвестициялық қор құрып, оның бақылау кеңесін басқарған.
Пікірлер (0)