Майқайыңда кішкентай ұл мен қызды жылдар бойы зорлаған педофилдер сотталды

Жаңалықтар
view 62
news

Фотосурет: the-village-kz.com

Павлодар облысының Майқайың ауылында кәмелетке толмаған ағасы мен қарындасына зорлық көрсеткен екі ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі SMARTNEWS.KZ-ке сілтеме жасап.

Сот дерегінше, қыз бала алғаш рет небәрі 10 жасында зорланған. Кейінгі тергеу барысында оның ағасының да күдіктілердің жыныстық зорлығына ұшырағаны анықталды.

Кәмелетке толмағандарға қатысты іс болғандықтан, сот процесі жабық өтті. Дегенмен журналистерге үкімнің қорытынды бөлігі жарияланды.

2001 және 2002 жылы туған ауыл тұрғындары бірнеше ауыр бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот шешімімен олардың бірі 22 жылға, екіншісі 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілердің әрқайсысына 2 миллион теңгеден моральдық өтемақы төленеді.

Сот материалдары толық зерттелді. Айыпталушылардың кінәсі еш күмәнсіз дәлелденді. Сараптама қорытындылары да мұны растады. Белгіленген жаза заң талаптарына толық сәйкес келеді, – деді судья Құдабай Сұлтанов.

Оқиға алғаш рет бір жыл бұрын белгілі болған еді. Балаларға психологтар көмектесіп, отбасы басқа жерге көшірілген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *