Дәстүрлі жәрмеңке: өнімге бай қос өңір тұтынушыға қарық болды
Фотосурет: дереккөз
Астанада кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы елордаға Абай және Атырау облыстарының шаруалары келіп, жалпы көлемі 400 тоннаға жуық өнім ұсынды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Сауда сөрелері арқылы 140 тонна ет және ет өнімдері, 80 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 70 тонна бал, 50 тонна бақша өнімдері, 25 тонна балық, 15 тонна сүт өнімдері және тағы 20 тоннадай түрлі дәмді тағамдар сатылымға шығарылды.

Жыл сайын келеміз, алдағы уақытта да келеміз. Әртүрлі бал түрін алып келдік. Сұраныс жақсы, жұртшылық алады, көңілдерінен шығып жатыр. Біз өте ризамыз, – деді Абай облысының бал өндірушісі Руслан Рыбакин.
Жәрмеңке тауарлары тікелей өндірушілерден жеткізілгендіктен, бағалар да қолжетімді болды. Іс-шараға Абай, Атырау облыстарынан келген шығармашылық ұжымдар ұйымдастырған концерттік бағдарлама мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара «Қазанат» ипподромы аумағында өтті. Қонақтардың ыңғайлығы үшін №18, 37 және 303 автобустар арнайы қатынады.
Енді келесі жәрмеңке 27-28 қыркүйекте өтеді.
Пікірлер (0)