Сәтбаевта уағыз арқылы терроризмді насихаттаған діндарға үкім шықты

Жаңалықтар
view 146
news

Фотосурет: gov.kz

Сәтбаев қалалық сотында терроризмді насихаттаған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс (ҚР ҚК-нің 256-бабы 1-бөлігі) қаралды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, сотталушы ауызша уағыздар айтып, бұрмаланған діни мәтіндерді мысалға келтіріп, қала тұрғындарының санасына әсер етіп, оларды радикалды идеологияға бейімдеуге тырысқан.

Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы дәлелдемелерді зерттеуге белсенді қатысып, кәсіби біліктілігін танытып, мемлекеттік айыптауды толық қолдады.

Сот барлық мән-жайды ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деп жазылған Ұлытау облысы прокуратурасының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

Пікірлер (2)

  • Fleta

    Tired of the Grind? Let My Dual-Engine Profit Machine Do 95% of the Work for You, While You Live the Life You Were Always Meant to Live! https://europa-168.site/PASSIVECLASS

  • Taylor

    Bring In Daily Clicks, Non-Stop, Activating From Today, In Just Minutes! WITHOUT Building Sites, Text, Expensive Emails, Promotions, SEO, Videos, Coding Knowledge! https://europa-168.site/SocialSafeList

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *