Жалақы, зейнетақы және жәрдемақы өсті

Жаңалықтар
view 62
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Мәжілісте әлеуметтік қорғау және еңбек саласындағы мемлекеттік шаралар туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Оның сөзінше, Үкімет барлық әлеуметтік міндеттемені уақытылы және толық орындап отыр. Осы мақсатта зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер индекстелді.

Жалақы өсімі

* Әскерилер мен медицина қызметкерлерінің жалақысы – 40%-ға;
* Мәдениет және архив саласы қызметкерлерінің еңбекақысы – 20%-ға;
* Мемлекеттік балық шаруашылығы кәсіпорындары қызметкерлерінің жалақысы – 80%-ға;
* Техникалық персонал, орманшылар, іс жүргізушілер және басқа да мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 70%-ға дейін артты.

Сонымен қатар, зиянды өндірісте еңбек ететін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлемдер қарастырылған.

Әлеуметтік осал топтарға қолдау

Биыл 5 мыңнан астам жалдамалы тұрғын үйді сатып алу құқығымен беру жоспарланған.

Ауылдық жерлердегі жұмыс орындары

2024 жылы 970 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде 400 мыңнан астамы – жастар. Бұл бағытта "Ауыл аманаты" және "Ауыл – ел бесігі" жобалары іске асырылып жатыр.

Республикалық және жергілікті бюджет шығындарының жартысынан астамы – 18 трлн теңгеден астам қаржы – әлеуметтік салаға бағытталған. Қазіргі уақытта әлеуметтік мақсаттарға бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылау күшейтілуде. Бұл процестерге цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр, - деді Ермек Көшербаев.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *